UFC-да жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы анықталды
25.01.2026 21:37

UFC-да жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы анықталды

Лас-Вегаста UFC 324 нөмірлі турнирі аяқталды. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін америкалық Джастин Гэтжи (27-5) мен англиялық Пэдди Пимблетт (23-4) айқасты.

37 жастағы Гэтжи мен 31 жастағы Пимблетт арасындағы жекпе-жек бес раундқа жоспарланған еді.

Айқас толық қашықтыққа созылды.

Нәтижесінде Джастин төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті — 48-47, 49-46, 49-46.

Алғашқы раундтан бастап-ақ Джастин бұл жекпе-жекте басымдық танытты. Бірінші және екінші раундтарда нокдаундар болды, америкалық мерзімінен бұрын жеңіске жетуге өте жақын еді, алайда Пэдди қайта-қайта төтеп беріп отырды.

Келесі раундтарда англиялық спортшы жағдайды ішінара түзете алды, бірақ тигізген соққылар көлемі жағынан қарсыласына жете алмады.

Осылайша Гэтжи UFC-тің уақытша чемпионы атанды және енді ол промоушеннің толыққанды чемпионы Илия Топуриямен (17-0) кездесуі мүмкін.

2020 жылы Гэтжи уақытша чемпиондық белбеуді Тони Фергюсонды жеңу арқылы иеленген болатын. Алайда чемпиондық белбеулерді біріктіру жекпе-жегінде ол ресейлік спортшының қоштасу айқасында Хабиб Нурмагомедовтен мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.

Тегтер: #спорт, #UFC


Бізге жазылыңыз