Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді
22.03.2026 20:32

Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Тегераннан Ормуз бұғазын 48 сағат ішінде ашуды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, егер Иран бұл талапты орындамаса, АҚШ елдің электр станцияларын жоюы мүмкін. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Егер Иран қоқан-лоққылардан бас тартып, Ормуз бұғазын 48 сағат ішінде толық ашпаса, Америка Құрама Штаттары соққы жасап, олардың әртүрлі электр станцияларын, ең ірісінен бастап, жояды", – деп мәлімдеді Дональд Трамп.

 

 

Сурет: truthsocial

Сондай-ақ ол Тегеранмен қандай да бір келісім жасауға мүдделі емес екенін айтты.

Тегтер: #АҚШ, #Трамп Дональд


Бізге жазылыңыз