Тоқаев Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады
01.02.2026 04:52

Тоқаев Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 31 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін!".

Тегтер: #теннис, #Тоқаев


Бізге жазылыңыз