Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды
22.01.2026 20:14

Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылы 21 қаңтарда жариялаған президент жарлығының мәтінінде айтылады:

 

Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия) (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

Жарлыққа қоса бекітілген ережеде Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган екені атап көрсетілген.

 

 

Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Сондай-ақ комиссияның құрамына кіретін тұлғалардың тізімі де қоса берілген.

Комиссияның міндеті – Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды тұжырымдау. Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты.

"Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырыстары оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды күші бар болып саналады. Комиссияның төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, Қазақстан Республикасының Президентіне комиссияның жұмысы туралы баяндайды", делінген құжатта.

Тегтер: #Тоқаев, #Конституциялық комиссия, #қол қойды


Бізге жазылыңыз