Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысып, жастармен бірге ағаш отырғызды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Аqnews.kz.
Президент Астана қаласындағы Ботаникалық саябақта ерікті және белсенді жастармен бірге ағаш екті. Жалпыұлттық іс-шара аясында биыл республика аумағында 2,4 миллионға жуық көшет отырғызылған.
Мемлекет басшысы акция барысында Jasyl El ұйымының белсенділрімен әңгімелесіп, қоғамдық жұмысқа ат салысып жүрген жастарға алғыс айтты.
"Баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте қажетті жұмыс. Еліміз бен халқымыз үшін керек іс. Сондықтан сіздерге табыс тілеймін. Істеріңіз сәтті болсын. Ең алдымен ниетіміз таза болуы керек. Отанымыз үшін қызмет етуге тиіспіз. Jasyl El ұйымының жұмысын қолдаймын. Жұмыстарыңыз өзге жастарға өнеге, олар сіздерден үлгі алады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тегтер: #Президент, #Мемлекет басшысы, #жастар
Followers
Subscribers