Темірлан Анарбековтің екі сейві УЕФА үздіктері қатарына енді
10.12.2025 18:26

Темірлан Анарбековтің екі сейві УЕФА үздіктері қатарына енді

9 желтоқсанда "Қайрат" - "Олимпиакос" клубтары арасында матч өтті. Ойын кезінде алматылық клуб қақпашысы 7 сейв жасады.

Оның “Копенгаген” қорғаушысы Судзукидің соққысын қайтарған сәті УЕФА үздіктері қатарына енді. Айта кетейік, "Қайрат" "Олимпиакостан" 0:1 есебімен жеңілді. Ал қақпашы Темірлан Анарбеков 9,2 балл алып, матчтың "Ең үздік ойыншысы" атанды.


Бізге жазылыңыз