Бүгін, 2026 жылғы 14 ақпанда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында тарихи "алтынды" жеңіп алып, сенсация жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның ерлер командасы көшбасшысының "алтын" алуына сеп өнерінің видеосын Qazsport телеарнасы жариялады.
2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров 92,94 ұпаймен бесінші болып келе жатты.
Ал еркін бағдарламада қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 198,64 ұпай жинап, жалпы есепте 291,58 ұпайға қол жеткізді. Бұл бағдарламада ол бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындады.
Осы нәтижесінің арқасында Михаил Шайдоров жеңіс тұғырының биігіне көтеріліп, Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды. Екінші орынды жапониялық Юма Кагияма иеленді - 280,06 ұпай. Шун Сато (Жапония) үздік үштікті түйіндеді - 274.90 ұпай.
Шайдоров Миланда Димаш Құдайбергеннің композициясы аясында өнер көрсетті.
Тегтер: #Милан-2026 қысқы Олимпиадасы, #Михаил Шайдоров
Followers
Subscribers