"Қазгидромет" мамандары 2026 жылғы 21 қаңтарға, сәрсенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс бөлігінде ауа температурасы -22°С-қа дейін төмендеп, қатты аяз сақталады.
"Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, төменгі боран болады", - делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ал ел аумағында тұман мен көктайғақ күтіледі, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді.
Тегтер: #Қазгидромет
Followers
Subscribers