Шарын ұлттық табиғи паркі туристерге төніп тұрған қауіп туралы ескертті
26.03.2026 21:58

Шарын ұлттық табиғи паркі туристерге төніп тұрған қауіп туралы ескертті

"Шарын" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі өрт қауіпсіздігіне байланысты бірқатар ескертулер жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 26 наурызда таратылған ресми ақпарға сүйенсек, ұлттық парк аумағында өрт қауіпі жоғары маусым басталған.

Келушілерге келесі ережелерді сақтау ұсынылды:

  • Жанып тұрған темекі қалдықтары мен сіріңке тастамау.
  • Арнайы жабдықталмаған жерлерде автокөлік қоймау.
  • Майланған немесе жанғыш заттар сіңген материалдарды қалдырмау.

 

Сондай-ақ, келесі жағдайларда от жағуға болмайды:

  • Желді, дауылды күндері
  • Кепкен шөп бар жерлерде
  • Бүлінген орман учаскелерінде.

Тегтер: #Қазақстан, #Алматы облысы, #Шарын


Бізге жазылыңыз