Сарыарқа ауданында «Заң және тәртіп» бастамасы аясында жаңа №86 полиция пункті ашылды. Ғимарат Ақан сері көшесі, 18 мекенжайында орналасқан, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа учаскелік пункт айналасындағы тұрғын үйлер мен тұрғын алаптарды қоса алғанда, 32 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Бұл пунктің ашылуы құқық қорғау қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге бағытталған.
Полиция пункті учаскелік инспекторлардың тиімді жұмыс істеуіне, тұрғындарды қабылдауға және кеңес беруге қажетті барлық жағдайлармен жабдықталған.
#законипорядок #заңжәнетәртіп
Тегтер: #Астана
Followers
Subscribers