Елена Рыбакина WTA турнирінде жеңімпаз атанды
20.11.2025 03:18

Елена Рыбакина WTA турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстан өкілі Елена Рыбакина алғаш рет Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстан өкілі Елена Рыбакина алғаш рет Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол белорустық Арина Соболенкомен ойнап, жеңіске жетті. Рыбакина Эр-Риядта өткен турнирде бір де бір матчта жеңілген жоқ, соның арқасында $5,2 млн-нан астам жүлде алады.
Финалдық кездесуде Қазақстан өкілі Елена Рыбакина беларусиялық Арина Соболенконы 6:3, 7:6 (7:0) есебімен жеңді. Матч 1 сағат 47 минутқа созылды. Айта кетейік, Соболенко осы жылғы Уимблдон турнирінің жеңмпазы атанып еді. Ол сондай-ақ әлемнің бірінші ракеткасы болып саналады.
2025 жылғы WTA қорытынды турнирі 1-8 қараша аралығында Эр-Рияд қаласында «хард» жабынында өтті. Оған жеке разрядтағы үздік сегіз теннисші мен жұп командалар қатысты. Қатысушылар айналма жүйе бойынша жарысады: жалғыз санаттағы чемпион Билли Джин Кинг жүлдесін жеңіп алса, жұп санаттағы чемпиондар Мартина Навратилованың жүлдесін иеленеді.


Бізге жазылыңыз