Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына шықты
24.03.2026 20:58

Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты. Ол төртінші айналымда аустралиялық теннисші Талия Гибсонды (WTA рейтингінде 68-орын) сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Рыбакинаның келесі кезеңдегі қарсыласы америкалық теннисші Джессика Пегула (әлемнің 5-ракеткасы) болады. Ол ширек финалға румыниялық Жаклин Кристианды (WTA-да 36-орын) 6:4, 6:1 есебімен жеңген еді.

WTA 1000 санатындағы Miami Open турнирінің жартылай финалына жолдама сарапқа салынатын матч 25 наурызға жоспарланған.

Тегтер: #теннис, #Елена Рыбакина, #Майами


Бізге жазылыңыз