Руслан Құрбанов Астанада өткен Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды
29.03.2026 11:26

Руслан Құрбанов Астанада өткен Әлем кубогында күміс жүлде жеңіп алды

Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогында қазақстандық Руслан Курбанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.

Шешуші кездесу 15:12 есебімен Свичкардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Руслан Курбанов жарысты екінші орынмен түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.

Тегтер: #Қазақстан, #Руслан Құрбанов, #Семсерлесу, #күміс


Бізге жазылыңыз