Ризабек Айтмұхан Албанияда өткен турнирде қола медаль жеңіп алды
27.02.2026 20:35

Ризабек Айтмұхан Албанияда өткен турнирде қола медаль жеңіп алды

Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнирде ел намысын қорғаған елордалық балуан Ризабек Айтмұхан (-97 кг) қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан үшінші орын үшін белдесуде Үндістан өкілі Джойнти Кумармен кездесіп, айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол қарсыласын небәрі 23 секундтың ішінде 10:0 есебімен ұтып, турнирдің қола медалін иеленді.

Осыған дейін жартылай финалда Ризабек ресейлік спортшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевқа 3:14 есебімен есе жіберген еді.

Тегтер: #Албания, #Ризабек Айтмұхан


Бізге жазылыңыз