Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасындағы барлық референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауға тиiс.
Аумақтық комиссиялар Орталық референдум комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.
Жарнама•16+
Курс «Аналитик данных». Вводная часть курса бесплатно
Мощный набор навыков и инструментов. 75% учёбы — практика. Проекты в портфолио.
Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі төмендегідей:
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24%-ы.
Референдумның алдын ала қорытындылары арнайы хабарланатын болады. Оның уақыты қосымша хабарланады.
Тегтер: #Қазақстан, #Референдум-2026