ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі жаңадан тағайындалды
31.03.2026 20:54

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі жаңадан тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бақтияр Жазықпаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Бақтияр Жазықпаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

1988 жылы Астанада дүниеге келген. Шымкент университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Статистика агенттігінің "Ақпараттық есептеу орталығы" РМК маманы болып бастаған.

2010 жылдан 2014 жылға дейін жеке құрылымдарда жұмыс істеген.

 

2014-2018 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында бөлім бастығынан басқарма басшысына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2018-2023 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ" Деректерді талдау және өңдеу департаментінің директоры

2023-2024 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Стратегия және ірі деректерді талдау департаментінің директоры.

2024-2025 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басқарушы директоры.

2025 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ вице-президенті болып еңбек етті.

Тегтер: #Қазақстан Республикасы, #ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, #Бақтияр Жазықпаев


Бізге жазылыңыз