Nurorda мектебінің оқушылары АҚШ-та өткен халықаралық олимпиадада топ жарды
18.01.2026 17:29

Nurorda мектебінің оқушылары АҚШ-та өткен халықаралық олимпиадада топ жарды

АҚШ-тың Орландо қаласында өткен халықаралық Neo Science олимпиадасында Nurorda мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Білім бәйгесіне әлемнің 22 елінен 400-ден астам оқушы қатысқан.

 

Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар бірнеше санатта жүлделі орындарға ие болды.
DIY категориясында Nurorda мектебінің шәкірттері 3 алтын медаль жеңіп алды. Бұл санатта Жандәулет Амангелді (7E), Али Ертай (7B) және Сүлеймен Мергенбаев (7B) үздік нәтиже көрсетті.

 

Жаратылыстану бағыты бойынша қазақстандық команда 4 қола медаль еншіледі. Аталған жүлделерге Айсана Саду (6-сынып), Зере Саду (8C), Али Ертай (7B) және Адель Рахметова (7E) ие болды.

Ал математика категориясында Nurorda мектебінің оқушылары 3 қола медаль жеңіп алды. Бұл бағытта Дәмелі Қазыбекқызы (8C), Жандәулет Амангелді (7E) және Сүлеймен Мергенбаев (7B) жүлдегер атанды.

Тегтер: #Астана, #Олимпиада, #NURORDA, #Жүлдегер, #АҚШ


Бізге жазылыңыз