Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
87 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Тұрсынов түрікменстандық Довлетмұрат Байрамовпен кездесті.
Қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, бүгін, 7 сәуірде Қахарман Қисыметов (77 келіге дейін) те қола жүлде үшін белдескен еді. Алайда ол өзбекстандық Дониерхон Накибовқа есе жіберді.
Тегтер: #Нұрсұлтан Тұрсынов, #грек-рим күресі