Мемлекет басшысы Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
07.02.2026 18:52

Мемлекет басшысы Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты, делінген 2026 жылғы 7 ақпандағы Ақорда хабарламасында.

"Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін", делінген жеделхатта.

Тегтер: #Қазақстан, #Қасым-Жомарт Тоқаев


Бізге жазылыңыз