Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты
09.10.2025 09:32

Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз қаза тапты

Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші қаза тапты, деп хабарлайды Аqnews.kz.

Шекара қызметінің мәліметінше, жазатайым оқиға 7 қазанда болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған.

Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.


Бізге жазылыңыз