Креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізілді
18.02.2026 23:28

Креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізілді

Креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда баспасөз қызметінің 2026 жылғы 18 ақпандағы хабарламасында.

Айта кетсек, аталған заң жобасы 2026 жылы 7 ақпанда Сенатта қаралған болатын.

"Қаралған заң еліміздегі креативті индус­т­рия саласын реттейтін заңнама­ны одан әрі жетілдіруді көздейді. Атап айт­қан­да, саланы қолдауға бағытталған бірқа­тар жаңа тетіктер ен­гізіліп отыр. Соны­мен қатар өкілетті ор­ганның құзыреттері нақ­ты­ланып, қосым­ша міндеттер жүк­тел­ді. Жалпы, заң елі­міздің креативті эко­но­ми­ка секторының одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенеміз", - деді Мәулен Әшімбаев.

 

Заң аясында кинематография мәсе­ле­лері мен жастар саясатын реттей­тін салалық заңдарға да қатысты өзгеріс­тер енгізілді. Мақұлданған заң бірыңғай сая­сат шеңберінде креативті индус­трия­ларды дамытуға, шығармашы­лық әлеует­ті экономиканың бір бөлігіне ай­­нал­­дыруға, мәдени және креативті өнім­­д­ердің сапасы мен мағыналық то­лық­­тығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте жастарды шығармашылық қызметке тартуға жәрдемдесу, олардың осы саладағы бастамалары мен жобаларын қолдау жөніндегі нормалар туралы сөз болып отырғанын атап өткен жөн.

Тегтер: #Қазақстан, #Қасым-Жомарт Тоқаев


Бізге жазылыңыз