Кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру 2026 жылғы наурыз–маусым айларында өтеді
21.01.2026 21:30

Кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру 2026 жылғы наурыз–маусым айларында өтеді

Белгіленген мерзімді әскери қызмет өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген мерзімді әскери қызмет өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасы азаматтарын 2026 жылғы наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын іске асыру шеңберінде әзірленген.

 

 

 

 

Аталған құжат 4 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Бұған дейін Қазақстанда әскерге шақырылушыларды есепке алу қағидалары өзгергені туралы хабарланған болатын.

Тегтер: #Қазақстан, #Әскер


Бізге жазылыңыз