Катарда әскери тікұшақ апатқа ұшырады
22.03.2026 20:37

Катарда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

22 наурыз күні Катар Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақ ел жағалауына жақын жерде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған. Бұл туралы ведомство X әлеуметтік желісінде хабарлады.

"Катар тікұшағы жоспарлы тапсырманы орындау кезінде техникалық ақауға ұшырап, соның салдарынан елдің аумақтық суларында құлады", – делінген ресми мәлімдемеде.

 

Қорғаныс министрлігі экипаж мүшелері мен жолаушыларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Тегтер: #Катар, #әскери тікұшақ, #апат


Бізге жазылыңыз