Илья Малинин Шайдоровпен бірге Қазақстанға келгісі келеді
24.02.2026 21:36

Илья Малинин Шайдоровпен бірге Қазақстанға келгісі келеді

19 жастағы америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин Қазақстанға келуді қалайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәнерлеп сырғанаудан екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының басты фавориттерінің бірі саналған спортшы бұл жолы күтпеген жерден сегізінші орын алды. Нәтижесі жарияланған сәттен кейін ол бірден қазақстандық спортшы Михаил Шайдоровқа барып, жарыстың ресми қорытындысы шықпай тұрып-ақ жеңісімен құттықтаған.

Сурет: Сали Сабиров

 

Жарнама

Сонымен қатар Малинин 2026 жылғы қысқы Олимпиада тарихына енді. Ол 1976 жылдан бері мәнерлеп сырғанауда тыйым салынған ең әсерлі әрі танымал элемент – мұз үстіндегі сальтоны орындады.

Сурет: Instagram/georgemasonu

Ильяның анасы – Татьяна Малинина. Ол КСРО ыдырағаннан кейін Өзбекстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, ел тарихындағы ең табысты сырғанаушы атанған.

Ильяның өзі Ресейде ешқашан болмаған. Алайда ол Қазақстанға келуге ниетті екенін Миланда Jibek Joly телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Мен Қазақстанға барғым келеді, бұл ел туралы көп жақсы сөз естідім. Шайдоровпен немесе басқа да қазақстандық спортшылармен бірге бару қызық болар еді. Меніңше, бұл керемет сапар болады", – деді Илья Малинин.

Тегтер: #Қазақстан, #Михаил Шайдоров, #Илья Малинин


Бізге жазылыңыз