FIFA Series 2026: Қазақстан құрамасының өз тобындағы қарсыластары анықталды
19.01.2026 19:59

FIFA Series 2026: Қазақстан құрамасының өз тобындағы қарсыластары анықталды

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) жаңа FIFA Series 2026 халықаралық турниріндегі Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластарын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды.

Матчтар 2026 жылдың 23-31 наурыз күндері аралығында Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтеді.

Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы елдердің қатарына енді. Сонымен қатар, Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан да матчтар өткізеді. Әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.

Әр топта түрлі құрлықтан төрт команда болады. Әр құрама екі ойыннан өткізеді. Бұл күнтізбедегі матч санын көбейтпеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында халықаралық кездесулердің сапасын арттыруды көздейді.

 

Тегтер: #спорт, #Қазақстан ұлттық құрамасы, #FIFA


Бізге жазылыңыз