Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа күрес федерациясы бір жыл бұрын уәде еткен пәтерін табыстады.
Айтулы іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан күрес федерациясының бірінші вице-президенті Марат Өмірбекұлы Нұрқожа Қайпановқа пәтерді салтанатты түрде табыс етті.
Еске сала кетейік, жақында Нұрқожа Қайпанов Нұрқанат Жылқышыбайға берген сұхбатында бір жыл бұрын уәде етілген пәтерін ала алмай жүргенін айтқан еді. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыдан кейін балуанның мәселесі оң шешімін тапты.
Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 келі салмақта чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алған.