Алматы қаласында 10-15 қаңтар аралығында дәстүрлі Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы ең беделді халықаралық білім сайыстарының бірі саналатын бұл олимпиадада әлемнің түрлі елдерінен келген дарынды оқушылар өзара бақ сынасты. Аталған зияткерлік додаға Астана қаласынан 25 оқушы қатысып, олардың 14-і жеңімпаз бен жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нәтижесінде елордалық оқушылар 6 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Физика пәні бойынша нәтижелер
Алтын медаль иегерлері:
• Нұргүл Егенбергенова – «Nurorda» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Ілияс Қазымбек– «Spectrum» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Мұхаммедали Жұмаділ – «Nurorda» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Мерген Сабыров – «Nurorda» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы.
Күміс медаль иегерлері:
• Григорий Мальцев – «Nurorda» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Иван Рудик – «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы.
Қола медаль иегерлері:
• Даниэль Төлебаев– «Nurorda» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
• Сұлтан Дарханұлы – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Математика пәні бойынша
Күміс медаль:
• Сұлтанәлі Алиасқар – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Информатика пәні бойынша нәтижелер
Алтын медаль иегерлері:
• Алдияр Сейтбай – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
• Максим Цой – «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.
Қола медаль иегерлері:
• Абдуррашид Аршинбек – «Nurorda» мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
• Әділжан Саламат – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
• Әлфараби Алмас – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Халықаралық Жәутіков олимпиадасындағы бұл жетістіктер – елордалық білім беру ұйымдарында дарынды оқушыларды қолдау мен сапалы білім берудің жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын көрсетеді.
Тегтер: #Астана, #Олимпиада, #Мектептер, #Оқушылар
Followers
Subscribers