Елордалық мергендер Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды
26.03.2026 21:19

Елордалық мергендер Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды

Түркістан қаласындағы «Атшабар» көпфункционалды спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Халықаралық деңгейдегі жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Үндістан, Солтүстік Кипр, Түркия, Өзбекстан, Ресей және Тайланд елдерінен келген спортшылар қатысты. Жалпы саны 10 мемлекеттен 110-ға жуық мерген бақ сынады. Чемпионатқа 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер қатысты.
Жарыс үш бағыт бойынша өтті:
• Пута нысанасы (9 оқ, 7 мүмкіндік)
• Орта Азия нысанасы (7 оқ, 9 мүмкіндік)
• Жамбы нысанасы (5 оқ, 5 мүмкіндік)
Барлық қатысушыаталған үш нысана бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының мергендері жүлделі орындарға ие болды.
Орта Азия нысанасы бойынша:
• Сабыржан Фариза – 1 орын.
Жамбы нысанасы бойынша:
• Батихан Айкөркем – 2 орын.
Пута нысанасы бойынша:
• Фариза Сабыржан – 2 орын;
• Айкөркем Батихан – 3 орын;
• Қасымхан Қанат – 3 орын.

Тегтер: #Азия чемпионаты, #Елордалық мергендер, #Түркістан


Бізге жазылыңыз