Елордалық дзюдошы Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды
10.03.2026 23:46

Елордалық дзюдошы Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық додаға 21 елден 600-ге жуық спортшы қатысып, екі күн бойы татамиде жүлделі орындар үшін өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарыста Астана қаласының спортшысы Қонысбек Шыңғыс (-90 кг) жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Тегтер: #Елордалық дзюдошы, #Еуропа кубогы


Бізге жазылыңыз