БАӘ-нің Дубай қаласында WTA 1000 санатындағы әйелдер турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина бірінші нөмірмен ойнап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемнің үшінші ракеткасы екінші айналымда Аустралия өкілі Кимберли Бирреллмен (WTA рейтингінде №94) кездесті.
27 жастағы қарсыласы қазақстандыққа қарсы ештеңе істей алмады. Матч екі сетте 1:6, 2:6 есебімен аяқталды.
Рыбакина небәрі бір сағат уақытта жеңіске жетіп, жекелей сындағы үшінші айналымға жолдама алды.
Келесі кезеңде Елена Рыбакина хорватиялық теннисші Антония Рузичпен (WTA №67) шеберлік байқасады.
Тегтер: #теннис, #Елена Рыбакина
Followers
Subscribers