Доллар бағамы төмендеп жатыр
27.11.2025 17:38

Доллар бағамы төмендеп жатыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күнделікті сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,75 теңгеге төмендеп, 516,86 теңге болды. 27 қарашадағы доллардың Ұлттық банк белгілеген бағамы - 518,68 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы төмендегідей:

Алматыда доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – 516,44 теңге,
  • сату – 518,75 теңге.

Астанада доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – орта есеппен 514,63 теңге,
  • сату – 521,63 теңге.

Бізге жазылыңыз