Бүгін алматылық "Қайрат" петропавлдық "Қызылжарды" жеңді. Дастан Сәтпаев ойын барысында гол салып, оны кеше қайтыс болған Диас Төлеуге арнады.
Қазан айында болған ұлттық құраманың матчтарына қатыса алмаған Дастан Сәтпаев қайта жасыл алаңға оралып, қарсыластың қақпасына гол салды.
"Дастан Сәтпаев голын Диас Төлеуге арнады. Екеуі 2023 жылы "Қайрат" U-18 сапында бірге ойнады", - делінген клбутың хабарламасында.
Жанкүйерлер футболшының бұл әрекетін жоғары бағалап, оған жылы лебізін білдірді.