02.02.2026 22:03
Бахтияр Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 2 ақпанда ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бахтияр Мұхаметқалиев 1990 жылы 1 шілдеде Алматы облысы Бостандық ауданында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласында "Қазпошта" АҚ-да бас маман болып бастаған.
- 2010–2020 жылдар аралығында "Қазпошта" АҚ-да бас маманнан АТ-инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директор және E-commerce департаментінің директорына дейін түрлі қызметтер атқарған.
- 2021–2022 жылдары – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ басқарушы директоры.
- 2022–2023 жылдары – ҚР премьер-министрі кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
- 2023–2025 жылдары – ҚР Үкіметі аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
- 2025 жылдың мамыр айынан қазіргі күнге дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры болып қызмет атқарды.
Тегтер:
#Бахтияр Мұхаметқалиев,
#ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму