Аралас жекпе-жек саласындағы менеджер Солто Эсенгулов UFC-мен тағы бір қазақстандық спортшының келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Sportarena.kz мәліметінше, спорт функционері UFC сияқты ең ірі ММА ұйымына қай қазақстандық спортшы қосылғанын нақтылаған жоқ.
"Boom! UFC-пен тағы бір келісімшарт Қазақстанға жол тартты!" – деп Есенгулов өзінің Instagram парақшасында жазды.
Қазіргі таңда UFC ұйымында Қазақстаннан алты спортшы өнер көрсетіп жүр: Асу Алмабаев пен Әліби Идіріс аса жеңіл салмақта, Бекзат Алмахан жеңіл салмақта, Шавкат Рахмонов пен Николай Веретенников жартылай орта салмақта, ал Дияр Нұрғожай жартылай ауыр салмақта бақ сынауда.

Тегтер: #UFC, #Қазақстандық спортшы, #ММА