Қазақстандық каратэші Түркиядағы турнирде жеңіске жетті
27.01.2026 02:16

Қазақстандық каратэші Түркиядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық Белла Самашева Ыстамбұлда өтіп жатқан каратэден Премьер-Лига турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz дерегіне сүйенсек, қазақстандық каратэші Белла Самашева финалда 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде словак спортшысы Нина Квасникованы айқын басымдықпен жеңген.

 

Осылайша, спортшы Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына алғашқы алтынды алып келген.

Тегтер: #спорт


Бізге жазылыңыз