Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды
05.04.2026 23:48

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде екі медаль жеңіп алды

Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Каирдегі (Мысыр) Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі медаль да ат үстіндегі жаттығуларда еншіленді.

Зейнолла Ыдырысов финалда 14,566 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды.

 

Нариман Курбанов дәл осы бағдарламада 14,566 ұпаймен үшінші орынға тұрақтап, қола медаль иеленді.

Алтын жүлдені 14,800 ұпай жинаған армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды.

Тегтер: #Қазақстан, #Әлем кубогы, #Мысыр, #Қазақстандық гимнастар


Бізге жазылыңыз