Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды
04.02.2026 20:44

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия чемпионатында бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды

Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Сонымен қатар отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.

 

 

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.

Тегтер: #Азия чемпионаты, #Қазақстан, #нысана көздеу


Бізге жазылыңыз