Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің бейресми кездесуі өтеді
10.04.2026 20:49

Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің бейресми кездесуі өтеді

Алдағы сенбі күні Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев арасында бейресми кездесу өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 10 сәуірде Ақорданың Telegram-каналында жарияланды.

"11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді."

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.

Тегтер: #Астана, #Қазақстан, #Өзбекстан


Бізге жазылыңыз