Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Моңғолия Үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 9 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды".
Тегтер: #Қазақстан, #Моңғолия, #зейнетақы саласы
Followers
Subscribers