14 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының медаль кестесінде 15-орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Михаил Шайдоровтың жеңісі Қазақстанды Миландағы Олимпиада ойындарының медаль есебінде 15-орынға шығарды.

Сурет: сркин
Норвегия құрамасы 18 медальмен (8 алтын, 3 күміс, 7 қола) жалпы есепте көш бастап келеді. Италия спортшылары 6 алтын, 3 күміс және 9 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтады. АҚШ құрамасының қоржынында 14 медаль бар: 4 алтын, 7 күміс және 3 қола.
Ал Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпы есепте 15-орында орналасып отыр.
Тегтер: #Қазақстан
Followers
Subscribers