Аустралия әлемде алғаш болып балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салды
10.12.2025 20:13

Аустралия әлемде алғаш болып балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салды

10 желтоқсанға қараған түні 16 жасқа толмаған балаларға TikTok, Facebook, Instagram, X, YouTube, Snapchat, Reddit, Kick, Twitch және Threads платформаларына кіруге тыйым салынды.

Ал осы қолданбалар балалардың аккаунттарын өшіруі тиіс. Талап орындалмаса, оларға 49,5 миллион австралиялық доллар (33 миллионАҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады. X-тан басқа платформалар тыйымды орындайтынын айтты. Бұл тыйымды Малайзия, Дания және Норвегия енгізуге ниетті екенін мәлімдеді. ЕуроОдақ та ұқсас шектеулер енгізу туралы резолюция қабылдады. Қазақстанда да балаларды онлайн-платформаларға тіркеуге тыйым салатын заң жобасын әзірлеп жатыр.


Бізге жазылыңыз