Ақтөбе облысында мұғалімнің мәйіті табылды
20.02.2026 23:13

Ақтөбе облысында мұғалімнің мәйіті табылды

Ақтөбе облысы Темір ауданында шаруашылық құрылыс нысандарының бірінен 23 жастағы тарих пәнінің мұғалімі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, ер адамның денесін жұмысқа келмеген соң үйіне іздеп барған әріптестері анықтаған. Қазіргі уақытта оның қаза болу себептері полиция тарапынан тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары суицид нұсқасын да жоққа шығармай отыр.

"2002 жылы туған жас жігіттің қаза болу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді өңір полицейлері.

Тегтер: #Ақтөбе облысы


Бізге жазылыңыз