Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония президентін құттықтады
24.02.2026 21:26

Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 24 ақпанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент құттықтау жеделхатында Алар Каристің былтыр Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беріп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал еткеніне тоқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алар Каристің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас эстон халқына бақ-береке тіледі.

Тегтер: #Астана, #Тоқаев Касым-Жомарт


Бізге жазылыңыз