2025 жылғы 5 желтоқсандағы мәлімет бойынша, Астана қаласындағы жалпы салықтық берешек 103 млрд теңгені, оның ішінде 58 млрд теңге негізгі қарызды құрайды. Жыл басынан бері салық органдары 10 млрд теңгеден астам соманы өндірген. Мемлекеттік кірістер департаментінің қарыздық жұмыс басқармасының басшысы Аймахан Енбаев енгізіліп жатқан заңнамалық өзгерістер жүйені барынша әділ, сараланған және адал бизнеске қолайлы етуге бағытталғанын атап өтті.
Бұл тетік салық міндеттемелерінің дер кезінде орындалуын қамтамасыз етіп, адал кәсіпкерлікке шамадан тыс қысымды болдырмайды.
2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер бойынша берешекке қатысты банктік шоттар операцияларын тоқтату тәртібі де өзгереді.Егер қарыз көлемі 6 АЕК-тен (25 950 теңгеден) асса, хабарлама тапсырылған күннен кейін 10 жұмыс күні өткен соң шығыс операциялары тоқтатылады. Бұл ретте шектеу тек берешек сомасы шегінде ғана қолданылып, кәсіпорынның толық жұмысын бөгемейді.
Ірі борышкерлерге қатысты қосымша шаралар енгізіледі:
Егер 27 000 АЕК-тен (116 млн теңгеден) асатын қарыз үш ай бойы өтелмесе, сот салық төлеушінің елден шығуын шектеуі мүмкін. Алдымен салық органдары міндетті түрде хабарлама жіберіп, борышты ерікті түрде өтеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, салықтар бойынша мерзімін ұзарту және бөліп төлеу мүмкіндіктері кеңейтіледі.
Бұл өзгерістер бизнеске қолдау көрсетуді, оның қаржылық тұрақтылығын сақтауды және экономикалық белсенділікті арттыруды көздейді.