Астаналық велошабандоздар Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды
01.04.2026 21:46

Астаналық велошабандоздар Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды

Филиппиннің Тагайтай қаласында өткен тректегі велоспорттан Азия чемпионатында елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Юниорлар арасында омниум бағдарламасында Мұрат Күйтенов күміс жүлдегер атанды. Сол сияқты ересектер санатында мэдисон дисциплинасында Рамис Дінмұхаметов күміс медаль иеленді.

Айта кету керек, бұл Мұрат Күйтенов үшін наурыз айындағы екінші Азия чемпионаты. Ай басында ол Сауд Арабиясының Әл-Қасим қаласында өткен тасжол велоспортынан құрлықтық біріншілікте чемпион атанған болатын.

Құрлықтық біріншілікке 19 елден 300-ден астам спортшы қатысып, жарыс өз мәресіне жетті.

Тегтер: #Азия чемпионаты, #велоспорт, #Астаналық велошабандоздар


Бізге жазылыңыз