Астаналық мерген стенд атудан Азия чемпионатында алтын және қола медаль иеленді
15.01.2026 20:06

Астаналық мерген стенд атудан Азия чемпионатында алтын және қола медаль иеленді

Қатар мемлекетінің астанасы – Доха қаласында стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке 20-дан астам елден келген спортшылар қатысуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Скит» жаттығуы бойынша жасөспірімдер арасында командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Жеңімпаз команда құрамында Астана қаласының спортшысы Владислав Заводиленко да бар.

Сонымен қатар астаналық мерген Владислав Заводиленко жасөспірімдер арасындағы «скит» жаттығуы бойынша жеке есепте жүлдегерлер үштігіне еніп, қола медаль иеленді.

Алдағы күндері Қазақстан құрамасы чемпионаттағы өнерін жалғастырып, трап, скит, трап-микс, скит-микс жаттығулары бойынша командалық және жеке сайыстарда бақ сынайды.

Айта кетейік, стенд атудан Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Тегтер: #Астана, #спорт


Бізге жазылыңыз