Астанада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi
16.12.2025 19:46

Астанада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi

Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте дүниеге келді. Олар – 7 ұл және 11 қыз.

Нәрестелер №2 көпбейінді қалалық ауруханада, №3 көпбейінді қалалық ауруханада, сондай-ақ Қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді.


Бізге жазылыңыз