Астанада LRT жылжымалы құрамы сынақтан сәтті өтті
25.03.2026 20:56

Астанада LRT жылжымалы құрамы сынақтан сәтті өтті

Астанада LRT жылжымалы құрамы сынақтық пайдалану кезінде 80 км/сағ ең жоғары жылдамдықпен қатынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

LRT желісін сынақтық пайдалану аясында «Әуежай» стансасынан «Нұрлы жол» стансасына дейінгі учаскеде жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның жоспарлы сынақтары жүргізіліп жатыр.

Сынақ барысында пойыздар жобалық 80 км/сағ жылдамдыққа жетті.

Жүргізілген сынақтар қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелерінің белгіленген режимде дұрыс жұмыс істейтінін растады.

Тегтер: #Астана, #LRT


Бізге жазылыңыз