Астанада колледж студенттері арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған дебат турнирі өтті
21.01.2026 20:25

Астанада колледж студенттері арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға арналған дебат турнирі өтті

Астана қаласының прокуратурасы Сервис және туризм колледжінің базасында студенттер арасында қоғамдық-құқықтық мәселелер мен жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға арналған дебат турнирін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы Сервис және туризм колледжінде менеджмент, бизнес және білім беру колледждері, «Astana Polytechnic», «Даналық» жоғары медициналық колледжі, «Astana Profi», «Astana ALT» көлік колледжінің қатысуымен қоғамдық-құқықтық тақырыптарда дебат турнирін ұйымдастырды.
Турнирдің мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті, қоғамдық құқықтық сананы дамыту және құқықбұзушылық деңгейін төмендету.

Дебат барысында қылмыстық жазаны қолданудың өзекті мәселелері, жеңіл есірткілерді заңдастыру мүмкіндігі және оларды тұтынғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы мәселелер талқыланды.

Турнир қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен елордалық колледж студенттері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Тегтер: #мектеп, #дебат турниры, #заңжәнетәртіп


Бізге жазылыңыз