Астанада киокушинкай-кан каратэден «Kazakhstan Open» турнирі өтіп жатыр
05.12.2025 17:28

Астанада киокушинкай-кан каратэден «Kazakhstan Open» турнирі өтіп жатыр

Елорда төрінде дәстүрлі түрде киокушинкай-кан каратэ бойынша «KAZAKHSTAN OPEN» халықаралық турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Aqnews.kz

Астанада киокушинкай-кан каратэден «Kazakhstan Open» турнирі өтіп жатыр
 
Елорда төрінде дәстүрлі түрде киокушинкай-кан каратэ бойынша «KAZAKHSTAN OPEN» халықаралық турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Aqnews.kz

Beeline Arena спорт кешенінде ұйымдастырылып жатқан жарысқа Қазақстанның әр өңірі мен Ресей, Қытай, Тәжікстан, Марокко елдерінен 300-ге жуық спортшылар келді.

«Жыл сайын халықаралық «KAZAKHSTAN OPEN» турнирімізді желтоқсан айында өткізіп келеміз. Осы жарыс арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып келеміз. Қазіргі таңда Қазақстанның киокушинкай-кан каратэсі жыл сайын өсіп келеді. Дәл осы спорт түрімен 10 мыңнан астам адам шұғылданады. Бұл дегеніміз - киокушинкай-кан каратэнің беделі артып, жастардың қызығушылығының артқанын дәлелдейді. Көшеде немесе телефонда уақыт өткізгенше, балаларды татамиге шақырамын. Осы жерде сіздер шыңдалып, тәрбие алатын боласыздар», - деді ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Оксикбаев.

Жарыс бағдарламасында 10 жастан жоғары жеткіншек,жасөспірім, жастар, ересектер арасында жүлделер үлестіріледі.

Айта кетейік, Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы еліміздің 13 облысы мен Республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қарқынды дамып келеді.

2025 жылы да спортшылар үшін табысты өтті. Атап айтсақ, қараша айында Жапония астанасы Токиода өткен жасөспірімдер, жастар және ерлер арасындағы әлем чемпионатында отандастарымыз 10 алтын, 13 күміс, 40 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 3-орынға табан тіреген болатын.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде жылдың үздіктері де марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Тегтер: #Астана


Бізге жазылыңыз